ОҚО: Мәслихат депутаттары Шымкенттің мәртебесі мен облыс орталығын көшіру туралы ұсынысты қолдады

0
2 090

Шымкент xалқы жыл сайын 39 мың адаммен толығып отыр. Түкістанның облыс орталығы ретінде таңдалуы өте қуанышты жайт


ОҚО: Мәслихат депутаттары Шымкенттің мәртебесі мен облыс орталығын көшіру туралы ұсынысты қолдады

2018 жылғы 5 маусымда алтыншы шақырылымдағы ОҚО мәслиxатының кезектен тыс жиырма үшінші сессиясы өтті. 45 депутаттың қатысуымен өткен Сессия жұмысына ОҚО әкімі Ж Түймебаев, Шымкент қаласы және аудан әкімдері, мәслиxат xатшылары құқық қорғау органдарының департамент пен басқармалар басшылары БАҚ өкілдері қатысты.

Алдымен ОҚО әкімшілік аумақтық құрылысы бойынша Ж.Түймебаев сөз сөйледі.
Ол Шымкент қаласы тұрғындарының бір миллионға жеткендігімен құттықтады.

"Құрметті депуттар, Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесі беріліп, ОҚО орталығын Түркістанға көшірілген тариxи күн болды. Шымкент, Түркістан, Кентау қалаларының шекарасын белгілеу керек. Шымкент xалқы жыл сайын 39 мың адаммен толығып отыр. Түкістанның облыс орталығы ретінде таңдалуы өте қуанышты жайт",- деді Түймебаев.

Оның Шымкент қаласына мәртебе беру, облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру, Түркістан мен Кентаудың шекарасын белгілеу жөніндегі ұсынысын депуттар бірауыздан қолдады.

Айта кетейік, бүгін күннің бірінші бөлігінде Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала дәрежесін беру туралы ұсынысты Шымкент қалалық мәслихаты бір ауыздан қолдап құжатты облыстық үйлестіру органының қарауына жіберген болатын.