Жер учаскелері мемлекет мұқтажы үшін алынатын жерлердің иелеріне олардың заңда көрсетілген құқықтарын дұрыс түсіндірмеуі, жер иелеріне алынатын жерге тең келетін жер ұсынбауы және мүлік иелеріне алынатын жерлердің нарықтық құны арнайы бағалауды жүргізетін рұқсаты бар бағалушы компаниялар анықтаған соманы ұсынбауы, даудың сотта қаралуына негіз
ERNUR.KZ. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында «Мемлекеттік мұқтаж үшін алынатын жер учаскелерін бағалауға байланысты мәселелер» тақырыбында өткен жйын барысында айтылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мемлекеттік мұқтаж үшін алынатын жер учаскелерін бағалауға байланысты мәселелер» тақырыбында баяндаманы облыстық соттың судьясы Б.Тәңірбердиев жасады. Ол бұл мәселенің өзектілігін айтып, істерді қарау барысында жылжымайтын мүліктерді, оның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алынатын жерлерді бағалау төңірегіндегі орын алған кемшіліктерге және сарапшылардың дайындаған бағалау қорытындыларына тоқталды.
Баяндамада мұндай даудың сотта қаралуына Шымкент қаласы әкімдігі тарапынан «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның талаптарын тиісті деңгейде орындамауын айтты, яғни жер учаскелері мемлекет мұқтажы үшін алынатын жерлердің иелеріне олардың заңда көрсетілген құқықтарын дұрыс түсіндірмеуі, жер иелеріне алынатын жерге тең келетін жер ұсынбауы және мүлік иелеріне алынатын жерлердің нарықтық құны арнайы бағалауды жүргізетін рұқсаты бар бағалушы компаниялар анықтаған соманы ұсынбауы, даудың сотта қаралуына негіз болғанын атап өтті.