ERNUR.KZ. 19 наурыз күні қалалық мәслихаттың депутаттары алтыншы шақырылымдағы Шымкент қалалық мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясында 16 мәселе бойынша шешім қабылдады.
ERNUR.KZ. 19 наурыз күні қалалық мәслихаттың депутаттары алтыншы шақырылымдағы Шымкент қалалық мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясында 16 мәселе бойынша шешім қабылдады.
Мәжілісте қала әкіміне қарасты үш бөлім мен жергілікті полицияның есебі тыңдалып, талқыланды. Қалалық спорт және дене шынықтыру, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері, «Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамы» туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы қысқаша баянадама жасады.
Кездесуде бір жыл бойы атқарылған жұмыстарға полицейлер есеп берді. Бұдан соң ОҚО ІІД Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы Еңбекші полиция бөлімі жергілікті полиция қызметіне үміткер ретінде осы бөлімде басшы орынбасары лауазымын атқарып жүрген Нұржігіт Қалмұратұлы үміткер ретінде таныстырылды.
Қалалық мәслихат хатшысы Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы қаланың ажарлануына баршаның жұмыла жұмыс атқаруы керектігін айтып өтті.
Жиын соңында сөз алған шаһар басшысы Сауранбаев Нұрлан Ермекұлы қала әкімінің жаңа орынбасары Ғабит Патшаханұлы Мәуленқұловты таныстырып, қызметімен құттықтады.
Алтыншы шақырылымдағы Шымкент қалалық мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясын Ахметбаев Ғани Молдабекұлы жүргізіп отырды.
Келесі кезекті сессия төрағасы болып Ахметханов Хусанхан Мұзапбарханұлы сайланды.