Сессияда Шымкентке республикалық маңызы бар қала статусын беру туралы мәселе қозғалды. Шаһарды мегаполис деңгейіне жеткізуді депутаттар бірауыздан қолдады. Енді құжат облыстық Мәслихаттың қарауына жолданады.
Бұл туралы шешім Шымкент қалалық мәслихатының 29 сессиясында қабылданды. Оған 27 депутатпен бірге ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев пен Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаев қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Сессияда Шымкентке республикалық маңызы бар қала статусын беру туралы мәселе қозғалды. Шаһарды мегаполис деңгейіне жеткізуді депутаттар бірауыздан қолдады. Енді құжат облыстық Мәслихаттың қарауына жолданады.
ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев жиналғандарды Шымкенттің миллионыншы қала атануымен құттықтап, миллионыншы тұрғынның мамыр айында дүниеге келгенін мәлімдеді.
"Оның есімін болашақта атаймыз. Облысымызда қазақстандық әрбір төртінші бала туылады. Қала бюджеті бұдан кейін көбейе береді", - деген Түймебаев бұл оқиғаны астананың Алматыдан Ақмолаға көшуімен теңеді.
Сонымен қатар, облыс басшысы Мақтарал мен Сарығаш аудандарының екіге бөлінуі Астанада шешіліп жатқанын, Шымкентке республикалық қала мәртебесін беру мәселесі де облыстық Мәслиxатта көп ұзамай шешілетінін айтты.