Шымкент қаласы әкімінің креслосын өткен жылдың қарашасында босатып кеткен Ғабидолла Әбдірахымов Нұрлан Сауранбаевтың орнын алмастырды. Нұрлан Сауранбаев қаланың 14-ші әкімі болатын.
Шымкентке әкім болып Ғабидолла Әбдірахымов тағайындалды, деп xабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Республикалық маңызы бар қалалар санатына жатқызылған Шымкенттің жаңа басшысын қала активіне Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев таныстырды.
Ғабидолла Әбдірахымов 1975 жылы 23 қаңтарда дүниеге келген. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін еркін меңгерген Әбдіраxымов жұртшылыққа "Шымкент қаласы зың" деген сөзімен танымал болған еді.
Шымкент қаласы әкімінің креслосын өткен жылдың қарашасында босатып кеткен Ғабидолла Әбдірахымов Нұрлан Сауранбаевтың орнын алмастырды. Нұрлан Сауранбаев қаланың 14-ші әкімі болатын.
2015 жылдың тамызында Шымкентке әкім болып тағайындала салысымен «Шымқаланы танымастай өзгертемін» деп көпке танымал болған еді. Қандайда бір іс-шара, жиындарда оның айтқанын әлеуметтік желі қолданушылары кеңінен талқылайтын.