Қошқар ата өзенінің бойын абаттандыру жұмысының бірінші кезеңі бойынша өзеннің екі жағалауынан 10 метр жерді абаттандыру жоспарланған болатын. Дегенмен, бұл жұмысқа өзен бойындағы 96 жер учаскесі кедергі келтірді.
Жер учаскесін мемлекетке қайтарып берді
Шымкент қаласында 28 азаматқа құрылысқа арналған жер телімдерін мемлекетке қайтарып берді.Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ғабит Мәуленқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қошқар ата өзенінің бойын абаттандыру жұмысының бірінші кезеңі бойынша өзеннің екі жағалауынан 10 метр жерді абаттандыру жоспарланған болатын. Дегенмен, бұл жұмысқа өзен бойындағы 96 жер учаскесі кедергі келтірді. Оның 20-сы - үй, 14 - жеңіл құрылыс нысаны, 33 - гараж, ал 28 жер учаскесінде құрылыс нысаны жоқ.
-Алайда жер учаскелерінің барлығы жекеменшікте болды. Арада жүргізілген келіссөз нәтижесінде осы жер учаскелерінің иелері құрылысын нысандардын бұзуға келісім берді. Сол үшін жер иелеріне әкімдік атынан алғыс білдіремін. Ал 20 жер учаскесінің иесі, тіпті, өз жерлерін мемлекет меншігіне ақысыз қайтарып берді. Оларды қаланың нағыз патриоты деп айтар едім. Туған қаласына жаны ашитын, қаланың болашағына бей-жай қарамайтын азаматтар осындай болар, - деді Ғ.Мәуленқұлов.
Айта кетейік, Қошқар ата өзені бойын абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Ордабасы алаңынан Өзбек көшесіне дейін өзен бойымен жүріп өтуге еш кедергі жоқ. Қазіргі таңда босаған жерлерді абаттандыру, көріктендіру жұмыстары басталды.