Шымкентте колледж тоналды

0
1 309

Академия жанындағы колледж заңгерінің айтуынша, тонаушылар бағалы зергерлік бұйымдар мен 3 млн. 80 мың теңгені қолды еткен.


Шымкентте колледж тоналды

Шымкенттегі колледждердің бірі тоналды. Сәуірдің 1-нен 2-не қараған түні белгісіз біреулер М.Тынышпаев атындағы көлік және коммуникациялар академиясына қарасты колледж ғимаратына басып кірген,-деп хабарлайды otyrar.kz.

Академия жанындағы колледж заңгерінің айтуынша, тонаушылар бағалы зергерлік бұйымдар мен 3 млн. 80 мың теңгені қолды еткен. Қаскөйлер 20 бейнекамера қойылып, күзетке алынған ғимаратқа кедергісіз кіріп, жертөле арқылы екінші қабатқа көтерілген. Газ дәнекерлеуші құралдың көмегімен темір есікті бұзып кірген. Сейфті де оңай ашқан. Кассадан тонаушылар ақша таппаған.

Содан кейін тонаушылар күндізгі бөлім меңгерушісінің бөлмесіне енген. Мұндағы сейфтен меңгерушінің жеке заттары: әрқайсысы 1 000 АҚШ доллары тұратын қымбат сағаттар мен 6 мың АҚШ доллары тұратын гаухар тасты алқасын, 20 мың теңгеден астам ақшаны алып кеткен.