Шымкентте «Оқушы төлқұжаты» атты электронды пилоттық жобасы іске қосылады

0
1 781

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қолға алынған жобаға Қайнарбұлақ елдімекеніндегі №125 мектепте дайындық жұмыстары жүруде.


Шымкентте «Оқушы төлқұжаты» атты электронды пилоттық жобасы іске қосылады

Бұл туралы қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева «Бала тәбиесі - баршаның ісі» атты ардагерлер мен ата-аналармен бірлесе өткізген жиналыста мәлім етті,-деп жазады «Шымкент келбеті» басылымы.

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында қолға алынған жобаға Қайнарбұлақ елдімекеніндегі №125 мектепте дайындық жұмыстары жүруде.

– Әр оқушының жеке төлқұжаты арнайы базаға ендірілді. Олардың әрқайсысының өзінің карточкасы болады. Сол арқылы мектеп ғимаратына кіреді. Ал жоғарыда орнатылған камера арқылы оқушының аталған білім ордасында оқитыны автоматты түрде расталған соң ғана құрылғы ішке кіруге мүмкіндік береді. Қазір оқушылардың барлығына карточка толығымен жасалды, – дейді №125 жалпы орта мектебінің директоры Әсет Сатыбалдиев.

Білім мекемесінің басшысы цифрлық жүйенің құқық бұзушылықтың алдын алумен қатар оқушылардың сабаққа қатысуын бақылауда ұстауға және қауіпсіздігін сақтауға көмектесетін айтты. Бұдан бөлек электронды жүйе арқылы оқушылардың мектепке қай уақытта келіп, қай кезде қайтқаны ата-аналарының ұялы телефонына жіберіледі.