Шымкентте темекіні тастағандар марапатталды

0
2 031

Шымкент қаласында Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының және салауатты өмір салтын қалыптасу орталығының ұйымдастыруымен өткен «Өзім үшін, балаларым үшін темекіні тастаймын!» атты байқаудың жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Шымкентте темекіні тастағандар марапатталды

фото авторы - Ермек Момынов

Шымкент қаласында Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының және салауатты өмір салтын қалыптасу орталығының ұйымдастыруымен өткен «Өзім үшін, балаларым үшін темекіні тастаймын!» атты байқаудың жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының, салауатты өмір салтын салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен оның серіктестері темекінің денсаулыққа тигізетін қауіп-қатері мен мен темекі шегу деңгейін төмендету бойынша тиімді саяси шараларға назар аударту мақсатында 31 мамыр – Дүниежүзілік темекіге қарсы күрес Күнін «Біз темекісіз Қазақстанды қолдаймыз!» Ұлттық бағдарламасы аталып өтті.

Сондай-ақ шара аясында облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметкерлер арасында «Өзім үшін, балаларым үшін темекіні тастаймын!» атты байқау ұйымдастырылған болатын. Байқауға 15 мемлекеттік қызметкер қатысып, 3 азамат жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар ОҚО, Сарыағаш ауданы, №135 жалпы орта мекептің мұғалімі Р. Ауелбеков, ОҚО Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Н. Айтымбет, ОҚО, Сарағаш ауданы, №135 жалпы орта мектептің мұғалімі Е.Усманов алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, концерттік бағдарламамен жалғасып, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ойындар ойналытып, оларға да сыйлықтар ұсынылды.