Шымкентте тозығы жеткен бағаналар тұрғындарға қауіп төндіруде

0
2 176

Өткен ғасырдың 90 жылдары тұрғызылған электр желілерін жендеуді ешбір мекеме мойнына алмаған.


Шымкентте тозығы жеткен бағаналар тұрғындарға қауіп төндіруде

Шымкенттегі Қалтаев көшесінің тұрғындары ескірген электр бағаналарын ауыстырып беруді талап етті. Түбі қопарылып, құлаудың аз-ақ алдында тұрған бағаналар жақын маңдағы үйлерге қауіп төндіріп тұр. Осы мәселеге алаңдаған жергілікті жұрт жарық тарататын мекемеге талай рет арызданған. Алайда жауаптылар мәселені шешуге асығар емес, деп хабарлайды TVK арнасы.

Үй іргесіндегі ескірген электр бағаналары жел тұрса шайқалып, құлап қалуға шақ тұр. Осы мәселені сан мәрте көтерген тұрғындардың жан айқайна әзірге ешкім құлақ асар емес. Өткен ғасырдың 90 жылдары тұрғызылған электр желілерін жендеуді ешбір мекеме мойнына алмаған.

Біз жабық әлемдегі көше сияқтымыз. Біздің мәселемізге ешкім құлақ асып, жағдайымызды көрмейді.Жарық., жол, кәріз жүйесі толып жатқан проблема бар бізде. Оның үстіне жолымыздың жағасындағы бетон қоршаулар да құлағалы тұр. Электр бағаналары күйреп барады.Бір күні үйлердің үстіне құлайтын шығар,-дейді көше тұрғындары.

Қазір мұндағы 14 үйдің тұрғындары балаларын көшеге шығаруға қорқып отыр. Себебі ата-аналар ойнап жүрген сәбилердің үстіне ескірген бағаналар құлап, тоққа түсіп қала ма деп үрейленеді. Оған қоса көше бойында тұрған биік бетон қоршаулар да апатты жағдайда. Егер тас қабырғалар құлайтын болса, оған жақын тұрған су есептегіш құрылғыларын басады.

Бұл маңдағы электр желілері жеке серіктестіктің меншігінде. Жұмсалған жарық үшін ақша жинайтын мекеме шіріген бағаналарды ауыстырып беруге асықпайтын сыңайлы.

Малахов Александар, Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары:

- Қалтаев көшесінің тек жартысын электр жарығымен Оңтүстік жарық Транзит қамтамасыз етсе, қалған жартысына Нұр Арыстан ЖШС-гі қызмет көрсетеді. Жеке серіктестік өткен жылы 5 бағананы ауыстырған болса, қалған ескірген бағаналарды ауыстыру солардың жұмысы. Бұл жұмыс қашан атқарылатынан әзірге айта алмаймын. Егер тұрғындар арызданса бұл істе бақылауға аламыз.