Шымкентте тұңғыш рет Drag-Racing сайысы өтті

0
1 257

Өңірде тұңғыш рет ұйымдастырылған Дрэг Ресингке 30-ға жуық көлік қатысуда. Олар қозғалтқыш көлеміне қарай үш топқа бөлінген. Жүзден жүйрік шыққандар демеушілер тарапынан сый-сияпатқа ие болмақ.


Шымкентте тұңғыш рет Drag-Racing сайысы өтті

Шымкентте көлік жарысына ресми рұқсат берілді. Тек жылдамдыққа жаны құмар азаматтар қала көшелерінде емес, арнайы орындарда өзара мықтыны анықтайды. Бұл хабар ел арасында тарауы сол екен, 30-ға жуық жүргізуші бақ сынауға өтініш беріпті деп хабарлайды ERNUR.KZ tvk арнасына сілтеме жасап.


-Дрэг Реисинг бойынша 201 метрлік жарыс Оңтүстік Қазақстан облысында алғаш рет ресми ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін әр жерде жасырын өткізіп келдік. Оның өзінде бірде бар, бірде жоқ. Ал, бүгін ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, барлығы керемет өтуде,-дейді жарыс ұйымдастырушысы Александр ГРОМОВ

Көліктер бәйгесінің ұйымдастырылғанына көрермен қатты қуанды. Айтуыларынша, кинодан көрген қызықтары көз алдында болып жатыр. Әсіресе, гүрілдеген қозғалтқыш дауысы мен сәні келіскен машиналар, еріксіз таңдай қақтырады,-дейді.

Өңірде тұңғыш рет ұйымдастырылған Дрэг Ресингке 30-ға жуық көлік қатысуда. Олар қозғалтқыш көлеміне қарай үш топқа бөлінген. Жүзден жүйрік шыққандар демеушілер тарапынан сый-сияпатқа ие болмақ.