Шымкенттік полиция 3 күнде сыпайы болып шықпақ

0
1 468

Шымкент қаласындағы ІІМ мектебінде еліміздің түкпір-түкпірінен келген полиция қызметкерлеріне арнап семинар өтуде. Мұнда полиция қызметкерлері қызмет барысындағы тәртібі, төзу қабілеті мен сыпайылығын арттыру бағыты бойынша үш күн оқитын болады дейді OTYRAR.KZ.

Семинар барысында аталған лауазым иелері мен курсанттар жергілікті жердегі халықпен жұмыс жасап, психологиялық сынақтардан өтеді.

Қазақстанның өзге аймағындағы полицейлер Шымкентке қарағанда әлдеқайда мәдениетті және сыпайырақ деген жаңсақ пікір қалыптасқанын айтқан ҚР ІІД-нің кадр жөніндегі басшы орынбасары Руслан Құрұмбаев: «Ішкі істер қызметкерлерінің қарапайым халыққа қоқан-лоққы көрсетуі, дөрекілік танытуы және тағы басқа осы сынды көптеген жағдайлар жұмыс барысында өте жиі кездесіп жатады. Тіпті осындай оқиғалардың суреттері мен бейнетүсірілімдері әлеуметтік желіде кеңіненен таралып кеткен. Мұның алдын алу керек. Міне, осы үшін де елімізде бүгінгідей семинарлар мен іс-шаралар қолға алынып жатыр. ҚР ІІМ ұйымдастырып отырған дәріс арқылы қарапайым адами факторларды жетілдіріп, оқытуға болады. Десе де, тәрбие осалдығынан мұндай іс-әрекеттер жоққа шығуда. Осы ретте Алматы полициясы мен Шымкенттің тәртіп сақшыларының арасы жер мен көктей дейтіндер бұл ойдан арылсын. Біз қолдан келгенше мәдениетті де сыпайы, жұмысына берілген полицейлер әзірлейтін боламыз», - деді.

Шара үш күнге созылмақ. Бұл семинарда полияция қызметкерлерін өзара ауызбіршілікке де үйретеді.