Шымкенттік жастар мал ұрлап, аккумуляторларды қолды етіп келген

0
1 158

​ERNUR.KZ. Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы аудандық ІІБ қызметкерлері мал мен көлік бөлшектерін қолды етіп, пайдаға кенеліп келген Шымкенттің төрт тұрғынын қолға түсірді. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі ақпарат таратты.


 Шымкенттік жастар мал ұрлап, аккумуляторларды қолды етіп келген

ERNUR.KZ. Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы аудандық ІІБ қызметкерлері мал мен көлік бөлшектерін қолды етіп, пайдаға кенеліп келген Шымкенттің төрт тұрғынын қолға түсірді. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі ақпарат таратты.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында ордабасылық егде жастағы әйел азаматы полицейлерге шағымданып келеді. Онда белгісіз азаматтар қорасында тұрған қойды қолды еткенін көрсеткен. Бұл жайтты дереу тіркеуге алған тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларына кірісті. Нәтижесінде 18-20 жас аралығындағы Шымкенттің төрт тұрғыны ұсталды. Белгілі болғандай, шымкенттік жастар тек қана мал ұрлаумен шектеліп қалмаған. Олар металл мен автокөлік бөлшектерін де қолды етіп келген. Соның ішінде аккумулятор ұрлығын атап өтуге болады. Қазіргі таңда күдіктілердің он ұрлық фактісіне қатысы бары анықталып отыр. Бұл жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.