​СОЗАҚ АУДАНЫНДАҒЫ ЖОЛДАРДЫҢ 88 ПАЙЫЗЫ АСФАЛЬТТАЛҒАН

0
144

Қазіргі таңда Абай елді мекенінде жалпы ұзындығы 1,8 шақырым болатын 4 ішкі көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.


​СОЗАҚ АУДАНЫНДАҒЫ ЖОЛДАРДЫҢ 88 ПАЙЫЗЫ АСФАЛЬТТАЛҒАН

Созақ ауданында елді мекендердің ішкі жолдарын жақсарту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Соңғы екі жылда өңірдегі асфальт жабындысы төселген ішкі жолдардың үлесі 66 пайыздан 88 пайызға дейін артты. Биыл аудан бойынша жалпы ұзындығы 39,5 шақырымды құрайтын 55 көшеде жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.


Қазіргі таңда Абай елді мекенінде жалпы ұзындығы 1,8 шақырым болатын 4 ішкі көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар толық аяқталған жағдайда елді мекендегі ішкі көшелердің асфальтпен қамтылу деңгейі 100 пайызға жетеді. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков нысанға барып, жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, жауапты сала басшыларына жол сапасына тұрақты бақылау жасауды тапсырды.

Биыл Шолаққорған, Созақ, Таукент, Жуантөбе, Тасты, Шу және Қаратау ауылдық округтеріндегі 39 көшеге, жалпы 31,7 шақырымға асфальт жабындысы төселеді. Сонымен қатар Қарақұр, Шаға, Ақсүмбе, Тайқоңыр, Қыземшек және Тасты ауылдық округтеріндегі 16 көшеде, жалпы 7,8 шақырым жолға қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары елді мекендердегі тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.