Аталған шара барысында Сарыағаш қаласы арқылы өтетін А-15 республикалық маңызы бар автожол бойына, ауданға қарасты ауылдық округтерде жалпы 10000-нан астам терек, үйеңкі, айлант ағаштары отырғызылды.
ERNUR.KZ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерді абаттандыру, көгалдандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Сарыағаш ауданы аумағына дәстүрлі түрде күз және көктем мезгілдерінде ағаштар егіліп жатыр.
Осы ретте, аудан әкімі Арман Абдуллаев «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын қолдау мақсатында аудан тұрғындарымен Сарыағаш қаласының кіреберіс аумағына көктемгі көшет егу жұмыстарына белсене атсалысты.
Аталған шара барысында Сарыағаш қаласы арқылы өтетін А-15 республикалық маңызы бар автожол бойына, ауданға қарасты ауылдық округтерде жалпы 10000-нан астам терек, үйеңкі, айлант ағаштары отырғызылды. Игі шараға аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы, мемлекеттік және коммуналдық мекеме қызметкерлері, аудандық мәслихат депутаттары, тұрғындары мен еріктілер тал егу жұмыстарына бір кісідей атсалысты.
Сондай-ақ осы күні «Таза Қазақстан» бағдарламасын қолдау мақсатында жалпы аудандық сенбілік өтті. Тазалық жұмыстарына аудан тұрғындары бір кісідей атсалысып, республикалық, облыстық маңызы бар автожолдың, ішкі көшелердің бойында жинақталған бей-берекет тасталған күл-қоқыстарды, арық-атыздарды тазалап, шөптерді орды. Оған қоса, қураған тал бұтақтары кесіліп, әктеу-сырлау, аудан аумағындағы қоқыс полигондар аумағын реттеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы сенбілікке 5000-ға жуық адам қатысып, 18 тонна қоқыс шығарылып, 4 арнайы техника жұмылдырылды.