«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Түркістан облысында 1 млн. түптен астам көшет отырғызылды

0
55

16 624 тонна қоқыс шығарылды.


«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Түркістан облысында 1 млн. түптен астам көшет отырғызылды

Биыл Түркістан облысында 1 миллионнан астам көшет отырғызылып, 17 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл Түркістан облысының аумағында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 7 263 тазалық іс-шара жоспары бекітіліп, бүгінгі таңда толық орындалды. Жыл басынан бері тазалық шараларына 1 млн-нан астам тұрғын қатысып, 6 998 арнайы техника жұмылдырылды. Көшелерде, қоғамдық орындарда, аулалар мен саябақтарда тазалау жұмыстары тұрақты жүргізілді. Нәтижесінде, 1 милионнан астам көшет отырғызылып, 16 624 тонна қоқыс шығарылды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.


Облыс әкімі өңірде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар үздіксіз жалғасатынын айтып, жұмыстар қатаң бақылауда болатынын жеткізді.


Мәжілісте «Таза Қазақстан» акциясы аясында атқарылған жұмыстар туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов баяндады. Өңірде «Таза Қазақстан» бағдарламасының орындалу тұрақты бақылауда. Бүгінгі күнге дейін «TazaQazBot» ақпараттық жүйесіне 3 474 өтінім түскен. Оның ішінде, 3 471 орындалса, 3 өтінім орындалу барысында.


Биыл қоғамдық орындарда санитарлық талаптарды сақтамаған тұлғаларға 27 946 хаттама толтырылған. Жалпы 556,5 млн теңгеге айыппұл салынып, оның 322 млн теңгесі өндірілді. Ауыл округ әкімдері өздеріне берілген құқықтарына сәйкес, заң талаптарын бұзған тұлғаларға ескерту және айыппұл салу хаттамаларын толтыруды тұрақты жүргізуде. Осыған байланысты ауыл округі әкімдіктері тарапынан жыл баснынан бері 5 506 хаттама толтырылып, нәтижесінде 47,9 млн теңге айыппұл салынды. Оның 24,9 млн теңгесі өндірілді.


Аппарат мәжілісінде жылыту маусымының өту барысы қаралды. Қазіргі уақытта қазандықтар температуралық кестеге сәйкес, штаттық режимде жұмыс істеп, жылу беру тұрақты түрде қамтамасыз етілуде. Облыс бойынша көмір отынының қажеттілігі 580,4 мың тонна болса, қамтылғаны – 550,0 мың тонна (95%). Аудан қалалардың теміржол тұйықтарында 60 мың тонна көмір қоры жинақталған. Жылыжайлардың нақты қамтылуы 239,8 мың тоннаны немесе 90%-ды құрап отыр.


Облыс бойынша газбен қамтамасыз етілген елді мекендерде 333 753 абонент бар. Оның ішінде, 325 129 абонент газға қосылған болса, қалған 8 603 абонент бос учаске немесе құжаты жоқ абоненттер. Бекітілген іс-шараға сәйкес аудан, қала әкімдіктері «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалымен бірлесе тиісті жұмыстарды жүргізіп, облыстағы газға қосылмаған абоненттерді толық газға қосты. «Газ инспекциясы» мекемелері тарапынан тұрғындардың газбен улануының алдын алу шаралары тұрақты жүргізілуде. Жалпы, жылыту маусымының өту барысы облыстық штабтың тұрақты бақылауында.

Бөлісу