«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Түркістан облысында 2400-ге жуық іс-шара өтеді

0
385

Жалпы облыс бойынша науқан аясында 1 408 ауқымды іс-шара өтті.


«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Түркістан облысында 2400-ге жуық іс-шара өтеді

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында биыл 2400-ге жуық іс-шара өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экоакциясы басталған болатын. Бір ай көлемінде өткізілген тазалық шараларына еліміздің әрбір өңірі атсалысты. Түркістан облысы да бұл шарадан тыс қалған жоқ. Акция аясында «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» апталықтары өтті. Жалпы 5 апталықта абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары күнделікті жүргізілді. Жалпы облыс бойынша науқан аясында 1 408 ауқымды іс-шара өтті. Бұл жайында облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбеков брифингте мәлімдеді.


«Акция басталғалы 74 мыңға жуық тұрғын мен 1 700-ге тарта техника сенбіліктерге жұмылдырылып, 4 мың тоннадай қоқыс шығарылды. Сондай-ақ, 18 мың шақырым жолдардың бойы тазартылып, өңір бойынша 150 мыңға жуық ағаш көшеттері отырғызылды. Қазіргі таңға қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру, көгалдандыру және тазарту бойынша жыл соңына дейінгі 984 іс-шара жоспары бекітілді. Сонымен қатар, акцияға орай дәстүрлі «Үлгілі ауыл» облыстық байқауы басталды. Онда әр ауыл өз тазалығымен, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарымен сынға түседі», - деді Руслан Орынбекұлы.


Бұдан бөлек, акция басталғалы қоғамдық орындарда заң талаптарын бұзған тұлғаларға 11 мыңнан аса хаттама толтырылып, 150 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.