Төлеби ауданының әкімі азаматтармен жеке қабылдау өткізді

0
2 024

Аудан басшысының қабылдауында болған тұрғындар әкімге өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, олардың шешу жолдарын бірге табуға мүмкіндік ала алады.


Төлеби ауданының әкімі  азаматтармен жеке қабылдау өткізді

Түркістан облысы Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков кезекті рет азаматтармен жеке қабылдау өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жеке қабылдау барысында төлебиліктер тұрғын үй кезегі, ауыз су, жол, көгілдір отын, отбасылық жағдайлары мен әлеуметтік мәселелер және т.б. жәрдемдесуге қатысты сауалдарын қойып, ауданды дамыту бойынша өз ұсыныс-тілектерін білдірді. Аудан әкімі өз кезегінде жалпы 12 адамды қабылдады.

Бауыржан Омарбеков азаматтардың барлық өтініштер мен ұсыныстарын мұқият тыңдап шығып, заңнама аясында түсінік беріп, жекелеген сауалдар бойынша тиісті мекеме басшылары мен қала, ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.

Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков жұмыс кестесіне сәйкес, алдын-ала жазылу бойынша, әр аптаның дүйсенбі күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Қабылдау барысында тұрғындар аудан басшысына өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, олардың шешу жолдарын бірге табуға мүмкіндік ала алады.

Алдын-ала жазылуды Төлеби ауданы әкімі аппаратының әкімшілік және құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің бас инспекторы Хайтметова Камиля Заманқызы жүргізеді. Қосымша ақпарат алу үшін 8(72547) 6-13-70 нөміріне хабарласуларыңызға болады.


Дерекккөз: Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі