Төлебилік Икрам Бердибаев Абайдың қара сөздерін жатқа біледі

0
989

Төлеби ауданы халқының саны – 120 481 болса, өзге ұлт өкілдері саны – 38 065.


Төлебилік Икрам Бердибаев Абайдың қара сөздерін жатқа біледі

Түркістан облысы – Республикадағы халық ең тығыз шоғырланған өңір, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы – Республикадағы халық ең тығыз шоғырланған өңір. Ал, жалпы облыс аумағында 50-ге жуық этностың өкілі тұрады. Статистика мәліметтеріне сүйенсек, Төлеби ауданы халқының саны – 120 481 болса, өзге ұлт өкілдері саны – 38 065. Ауданда тұрып жатқан халықтың қазақ жеріне, мемлекеттік тілге деген құрметі де ерекше. Мұнда тұратын өзге ұлт өкілдерінің басым бөлігі қазақ тілінде ойын іркілмей айтып, еркін сөйлейді.


Солардың бірі – қазақ тілін мектеп бағдарламасынан бастап меңгерген, мемлекеттік тілде «туған тіліндей» сөйлейтін Бердибаев Икрам бүгінде Мәдениет саласының майталманы. Ол қазақтың мақал-мәтелдерін, ұлы Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа біледі. Шешендік сөздерге әуес. Оның қазақшасы кейбір қазақтарды да шаң қаптырады. Аудандағы барлық іс-шараларға белсенді қатысып, қазақ тілінде ән шырқап жүр. Ол тек қазақ тілін ғана емес, халқымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын да құрметтейді.


Икрам Бердибаев өзінің өнердегі шығармашылық жолын «Шодлик» ансамбль құрамында бастаған. Ташкентте оқып жүріп, Республика, Одақ көлемінде өткізілген байқауларға қатысып, жүлделі орындардың иегері атанған. Адилов Балтабайдың сөзіне жазылған «Сұлтан Рабат» әні ел арасында әнұранға айналған. Шығармашылығына арналған 2 бейне клипі таспаға түсіріліп, «Тамаша» ойын-сауық сахнасына шығып, «Көңіл ашар», «Ақшам», «В гостях у «Тамаши» бағдарламаларына қатысып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген. «Яшиң сени 17», «Барно», «Дилбар», «Шахиста», «Ёшлар», «Қизалоқ» әндері ел арасында айтылып жүр.


Қазіргі уақытта ол «Төлеби аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының «Сұлтан Рабат» халық ансамблінің көркемдік жетекшісі болып қызмет атқарады.