​Төлебилік жас альпинистер биік шыңдарды бағындырды

0
2 288

Сайрамсу шатқалында өткен альпиниадаға Төлеби аудандық «Жас туристер станциясының» атынан ауданның №5,2,6 және 7 мектептерінің 70 оқушысы мен 4 мұғалімі, сондай-ақ станцияның 5 педагогі қатысты.


​Төлебилік жас альпинистер биік шыңдарды бағындырды

Астананың 20-жылдығына арналған іс-шаралар аясында, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы Мәдениет және спорт министрлігі туризм индустриясы комитеті тапсырмасы бойынша Қазақстанның 20 шыңына экспедиция ұйымдастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Төлеби ауданының Сайрам-Өгем Ұлттық паркінде орналасқан соңғы 20-шы шың елорданың 20 жылдығына орай - «Астананың 20 - жылдығы» деп (3 446м) аталды.
Өткен демалыс күні Сайрамсу шатқалында өткен альпиниадаға Төлеби аудандық «Жас туристер станциясының» атынан ауданның №5,2,6 және 7 мектептерінің 70 оқушысы мен 4 мұғалімі, сондай-ақ станцияның 5 педагогі қатысты.
Бұдан бөлек іс-шараны ұйымдастыруға станцияның 6 үйірме жетекшілері белсене атсалысты. Олар альпиниада барысында Сайрам, Астана, Сарыайғыр, Түркістан, Көптау, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы шыңдарын бағындырып, осы жылы қайта аталған Төле би, Әйтеке би және Қазыбек би шыңдарына екі рет шығып-түсті.
Бұл шара «20 шың» альпиниадасының барысында ұйымдастырылған соңғы шыңға шығудың алдындағы жабылу салтанаты болды. 16.09.2018 күні альпинистер «Астана» шыңын бағындырды. Оған жалпы 64 адам қатысып, оның ішінде Төлеби ауданының «Жас туристер станциясының» 5 өкілі: оқушылар - Трубин Данил, Салеев Тимур, Провозин Никита, Хмелевский Артур және олардың жетекшісі, қосымша білім беру мұғалімі – Лещенко Маргарита Константиновна болды.