Түркістанда «Ортағасырлық Тараздың құйма керамикасы» атты көрме ашылды.

0
2 035

Көрменің мақсаты - өңірлер арасындағы мәдени байланыстарды нығайту және мұражайлар ісін дәріптеу, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы құнды жәдігерлерді насихаттау.


Түркістанда «Ортағасырлық Тараздың құйма керамикасы» атты көрме ашылды.

ERNUR.KZ. Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ортағасырлық Тараздың құйма керамикасы» атты жылжымалы көрмесінің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Көрменің мақсаты - өңірлер арасындағы мәдени байланыстарды нығайту және мұражайлар ісін дәріптеу, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы құнды жәдігерлерді насихаттау.

Көрмеге Тараз қаласының және аудандарындағы археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған 70-ге жуық жәдігерлер қойылды.

Олардың ішінде ортағасырлық тұрмыста түрлі мақсатта қолданылған күйдірілген, күйдірілмеген, жалатпалы қыш ыдыстар, үлкенді-кішілі шырағдандар, хош иісті әтірлер мен дәрілік заттар, сынаптарды сақтайтын жұмыр тастар мен майшамдар, түрлі ою-өрнек түсірілген тәрелкелер, жинақ сандықшасы, сыйымдылығы әр түрлі астық, сұйықтық сақтайтын хумдар, саптыаяқтар және қоладан жасалған бұйымдар қызықты және қайталанбас Тараз бишісінің және Будда құдайының мүсіндері, ортағасырдың сәулет ескерткішінің інжу маржаны болған Айша-Биби кесенесінің кірпіштері халық назарына ұсынылады.

Айта кетерлігі, аталған көрме Түркістан қаласында бір айға жалғасады.