Жиында бүгінгі таңда күн тәртібінен түспей келе жатқан құқық бұзушылық пен қыздар арасында болатын ерте жүктіліктің алдын алу тақырыбы сөз болды.
Түркістан облысы Түлкібас ауданында жастардың басын қосқан келелі жиын болып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ аудандық жастар орталығына сілтеме жасап.
Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 12 жұлдызында Түркістан облыстық "Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі" басқармасының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға Түлкібас ауданы «Жастар ресурстық орталығы», «Әлеуметтік сүйемелдеу секторы», Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі, «А.Пушкин» атындағы жалпы орта мектебі мен «Түлкібас агробизнес және саяхат» колледжінің білім алушылары қатысты.
Жиында бүгінгі таңда күн тәртібінен түспей келе жатқан құқық бұзушылық пен қыздар арасында болатын ерте жүктіліктің алдын алу тақырыбы сөз болды.
Сонымен қатар өз-өзіне қол жұмсау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, есірткіге қарсы күрес, улы заттардан қорғану мәселелері де тақырыпқа арқау болды.
Сондай-ақ ең өзекті тақырыпқа айналған алкогольдік ішімдіктерді қолданудың алдын алу, түрлі керағар діни ұйымдардың іс-әрекеттерінен қорғану, зорлық-зомбылықтың алдын алу және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында жасөспірімдер мен жастар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.