ТҮРКІСТАН: 11 жастағы Аружан әлемді мойындатты

0
99

2026 жылғы 1-13 маусым аралығында өткен дүбірлі додаға әлемнің түкпір-түкпірінен келген мықты шахматшылар қатысып, өзара бақ сынады.


ТҮРКІСТАН: 11 жастағы Аружан әлемді мойындатты

Қазақстанның намысын халықаралық аренада асқақтатқан жас шахматшы Байділдә Аружан Маратиллақызы тағы бір тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ордабасы ауданы Бөржар ауылдық округіне қарасты Қайнар ауылының 11 жастағы тұрғыны Испанияның Гуардамар қаласында өткен тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасындағы IPCA шахматтан XXV Әлем чемпионатында ел мерейін үстем етті.

2026 жылғы 1-13 маусым аралығында өткен дүбірлі додаға әлемнің түкпір-түкпірінен келген мықты шахматшылар қатысып, өзара бақ сынады. Осы жарыста жас өрен Байділдә Аружан жоғары шеберлігі мен табандылығын танытып, блиц бағдарламасында қарсыластарының барлығынан басым түсіп, Әлем чемпионы атанды. Нәтижесінде алтын медальді жеңіп алып, көк Туымызды көкке көтерді. Сонымен қатар Аружан рапид бағдарламасы бойынша қола жүлдені иеленсе, классикалық шахмат сайысында күміс медальға қол жеткізді. Осылайша, жас шахматшы әлем чемпионатынан бір алтын, бір күміс және бір қола медальмен оралды.

Айта кетейік, Аружанның әкесі әрі жаттықтырушысы Жаманғараев Маратилла Темірлан спорт клубында шахматтан жаттықтырушы болып еңбек етеді. Шахматшы отбасынан шыққан Аружан бұған дейін де түрлі жарыстарда жүлделі орындарға ие болған. Қырғыз Республикасында өткен Азия чемпионатында топ жарып, Азия чемпионы атанған болатын.

Бөлісу