ТҮРКІСТАН: 200 мыңнан астам оқулық жаңартылады

0
1 030

2023-2024 оқу жылында оқушылар оқулықпен 100% қамтамасыз етіледі.


ТҮРКІСТАН: 200 мыңнан астам оқулық жаңартылады

Түркістан облысында 200 мыңнан астам мектеп оқулықтары жаңартылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жаңа оқу жылына дайындықтың негізі - білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамту. Осы орайдаТүркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы тарапынан орта білім беру мекемелерін оқулықпен қамту мақсатында 13 баспамен келісім шарт жасалған. Нәтижесінде аудан, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімдерінің сұранысы негізінде 1 191 526 оқулыққа өтініш берілді. Жалпы 2023-2024 оқу жылына 213 915 оқулық жаңартылмақ.


Оның ішінде 1-2-сыныптарға арналған «Цифрлық сауаттылық» пәнінен электронды оқулықтар мен Оқу-әдістемелік кешендері және «Бейнелеу өнері» пәні бойынша мұғалімге арналған электронды форматтағы әдістемелік нұсқаулықтар бар. Сондай-ақ, 1-2-сыныптарға арналған «Еңбекке баулу» пәні бойынша мұғалімге арналған электронды форматтағы әдістемелік нұсқаулықтар мен 2-сыныпқа арналған «Орыс тілі» оқулықтары мен Оқу-әдістемелік кешендері жаңарады.


Айта кетсек, 2023-2024 оқу жылында оқушылар оқулықпен 100% қамтамасыз етіледі.