Аэрация – ауа температурасы +30 градустан асатын елдерде жиі қолданылатын әдіс.
Түркістанда 34 техника аэрация әдісіне жұмылдырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгінде Түркістан қаласын көркейту жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл түрғыдағы екінші бір мәселе – атқарылған жұмыстарды аяқасты етіп алмау.
Сол себепті, облыс орталығында көгалды аумақтарды аэрация әдісімен суару жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Арнайы көліктермен суару жұмыстары күніне 2 рет – сағат таңғы 7:00-11:00 аралығында және кешкі 20:00-00:00 аралығында атқарылуда.
Қазіргі уақытта Қазыбек би, Байбұрт және С. Қожанов көшелерінің бойы мен әкімшілік-іскерлік орталығындағы көгал мен ағаштарды суғаруға 34 техника қолданылып жатыр.
Жалпы, аэрация – ауа температурасы +30 градустан асатын елдерде жиі қолданылатын әдіс. Ол асфальт, бетон жол төсемінен қызған ауаны салқындату үшін жасалады. Сонымен қатар, тікелей күн сәулесінің әсерінен асфальтты қорғауға ықпал етеді.