ТҮРКІСТАН: 3800-ден астам отбасы оқу жабдықтарымен қамтылды

0
2 193

2647 аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына 25 000 теңгеден қаржылай көмек берілген.


ТҮРКІСТАН: 3800-ден астам отбасы оқу жабдықтарымен қамтылды

Түлкібас ауданында 3800-ден астам аз қамтамасыз етілген отбасы балалары оқу жабдықтарымен қамтылған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы 60 білім ошағында 23 256 оқушы білім алуда. Қазіргі таңда 24 жалпы орта білім беретін мектепте 2 239 (9,6%) оқушы штаттық режимде оқып жатыр. Ал, 1-4, 5, 9, 11 сынып оқушыларының ата-аналар өтініштері негізінде 849 кезекші топта 9 559 (41,1%) оқушы білім алуда. Ауданда үш аусымда оқытылатын мектеп жоқ.

Карантин режиміне байланысты қашықтықтан оқып жатқан мектеп оқушыларына ҚР Үкіметі резервінің қаражатынан 354 планшет, 410 компьютер, 3033 ноутбук құрылғылары сатып алынып, уақытша пайдалануға берілді. Сондай-ақ, аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен демеушілер есебінен 5 смартфон, 50 планшет құрылғысы тұрмыс жағдай төмен отбасылардың балаларына қайтарымсыз сыйға берілген.

Жалпыға міндетті білім қорының есебінен 1638 кәмелетке толмаған аз қамтамасыз етілген отбасы балалары ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп, 2647 аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына 25 000 теңгеден қаржылай көмек берілген.