ТҮРКІСТАН: 5 мемлекеттік орган басшысына ескерту жасалған

0
1 102


ТҮРКІСТАН: 5 мемлекеттік орган басшысына ескерту жасалған

Түркістан облысында үстеме жұмыс атқаруға жол берген 5 мемлекеттік орган басшысына ескерту жасалған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл жөнінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев журналистерге берген брифингте мәлімдеді.

Қазіргі таңда өңірдегі барлық деңгейдегі мемлекеттік мекеме қызметшілерінің жұмыстан тыс уақытта жұмыс орнында негіссіз қалуын анықтау мақсатында рейдтік шаралар күнделікті ұйымдастырылып отыр. Бұл жұмыстарға облыстық, аудандық, қалалық арнайы мониторингтік топ мүшелері де белсенді ат салысып жатыр екен.

Қызметшілерінің үстеме жұмыс атқаруына жол берген 5 мемлекеттік орган басшыларының іс-әрекеттері Әдеп жөніндегі кеңес отырысында қаралып, ескерту жасалған. Ал, осы ескертулерді ескермей заңды айналып өтуге ниеттенген басшылардың әркеттеріне қатысты мәліметтер әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін құзырлы органдарға жолданатын болады.