ТҮРКІСТАН: 50-ден астам заңсыз қазылған ор көмілді

0
623

54 жеке және заңды тұлғаның заң бұзғаны анықталды.


ТҮРКІСТАН: 50-ден астам заңсыз қазылған ор көмілді

Арыс қаласы аумағында заңсыз қазылған 53 траншея қайта көмілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыс қаласы аумағында орналасқан 54 жеке және заңды тұлғалардың жалпы аумағы 22 957,16 гектар (оның ішінде: суармалы егістік – 1 532,0 га, тәлімі егістік – 11 572,66 га, жайылымдық – 9 852,5 га) жер учаскесінің шекарасын жер пайдаланушының заңсыз ор қазып қоршағандығы анықталған.


Заң талаптарына сәйкес, көму жұмыстарын жүргізу үшін бекітілген жұмысшы топпен тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, қазіргі таңда 53 жер учаскесі толығымен көміліп, қазылған жер учаскесін көму жұмыстарын жүргізбеген 1 заңды тұлға «Шымкент ет» ЖШС-мен жұмыс жүргізілуде.


Бүгінгі таңда заңсыз қазылған траншеялардың құжаттары жинақталып, Түркістан облысының «Жер инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне тиісті шара көру үшін жолданды.


Алдағы уақытта осындай жер пайдаланушылардың заңсыз ор қазуына жол бермеу үшін түсіндірме жұмыстар жүргізілді.

Бөлісу