ТҮРКІСТАН: 77 мыңға жуық оқушыға аттестат табысталды

0
361

27 340 бітіруші Ұлттық бірыңғай тестілеуде бағын сынауда


ТҮРКІСТАН: 77 мыңға жуық оқушыға аттестат табысталды

Түркістан облысында 77 мыңға жуық оқушыға аттестат табысталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының барлық білім беру ұйымдарында оқушыларға білім алғанын куәландыратын құжаттар табысталды. Мектеп директорлары бітіруші түлектерге сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді. Түлектер ұстаздарына алғыс айтып, білім алған алтын ұяларымен қимай қоштасты.


2023-2024 оқу жылында Түркістан облысы бойынша мектепті 31 210 оқушы бітіріп, 27 340 Ұлттық бірыңғай тестілеуде бағын сынауда. Түркістан облысында биыл 45713 оқушы 9-сыныпты бітіріп, бәріне аттестат берілді.


Оның ішінде «Үздік аттестатқа» 4367 оқушы қол жеткізді. Ал 11-сыныпты 31210 оқушы аяқтап, қолдарына мектепте білім алғандарын растайтын аттестат тапсырылды.


Осылайша 2023-2024 оқу жылында Түркістан облысында 9,11-сынып түлектерін қосқанда 77 мыңға жуық оқушыға аттестат табысталды.