ТҮРКІСТАН: «Ақылды мектеп» жобасы алғаш рет қолға алынды

0
2 699

Мектепке кіре берістен ақ, картаның ықпалымен турникеттен өтіп, үйіндегі ата-анасына смартфон көмегімен СМС хабарлама жолданады. Мұнымен бірге білім ошағында орнатылған инфокиоск жобасынан мектеп туралы бүкіл ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік зор.


ТҮРКІСТАН: «Ақылды мектеп» жобасы алғаш рет қолға алынды

«Ақылды мектеп» жобасы Түркістан қаласындағы Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясында жүзеге асырды - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Негізгі мақсат – оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, тәртібін, сабаққа жүйелі қатысуын қадағалау. Жобаның ашылу салтанатына арнайы қатысқан қала әкімі Әліпбек Өсербаев мектеп пен оқушы, ұстаз бен ата-аналар байланысының нығайуына ерекше әсер ететін жобаның оңтайлы тұстарын қуаттады. Сондай-ақ, шахар басшысы өз сөзінде еліміздің білім беру саласындағы өзгерістер мен жаңашылдықтар ескеріліп, жыл сайын қала бюджетінің 50 пайызға жуығы бiлiм беру саласына бағытталғандығын жеткізді. Бөлінген бұл қаржылар мектептерді соңғы үлгіде жабдықтау, интернет желісіне қосу, «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында түрлі бағдарламаларды жалпы білім беру жүйесіне енгізу жүзеге асырылатындығын да атап өтті. Мәселен, осы оқу жылында бірінші сыныпқа оқушы қабылдау автоматтандырылды. «Жұмыс Ситсен» жүйесі іске қосылған қысқа мерзімде 150 маман өз біліктілігі бойынша жұмысқа орналасты. Сонымен қатар, 2 мектепте ІТ-сыныптары ашылып, 10 мектепте робототехника сыныптары іске қосылды. Ендігі аталған жобада жемісті болып, білім ұяларына айтарлықтай пайдасын тигізеріне сенімдімі екендігін тілге тиек етті.
Енді аталған жүйенің маңыздылығына тоқталсақ, қызметті пайдалану үшін әрбір оқушы мен қызметкерге арнайы карта беріледі. Мектепке кіре берістен ақ, картаның ықпалымен турникеттен өтіп, үйіндегі ата-анасына смартфон көмегімен СМС хабарлама жолданады. Мұнымен бірге білім ошағында орнатылған инфокиоск жобасынан мектеп туралы бүкіл ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік зор. Осы сияқты «Ақылды мектеп» жобасында бейнебақылау, Е-кітапхана, Е-асхана, Е-директор жүйелері де іске қосылған.

Айта кеткен жөн, бұл жүйелердің барлығы мектепке бөгде адамның кірмеуін қамтамасыз етіп, балалардың, мектептің қауіпсіздігі және заманауилығын жандандыру бағытында жүзеге асырылуда. Мектептің ішінде ахуалдық орталығына бүкіл камералардан видео файлдар жинақталып, олар автоматты түрде Ішкі істер депарматентінің және қала әкімдігінің ахуалдық орталығына интеграцияланады. Ал, сала мамандары бұл жоба түпкілікті нәтижесін беріп жатса, үстіміздегі жылы қаладағы басқа да мектептерге орнату жоспары бар екендігін жеткізді.