ТҮРКІСТАН: Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін комиссия қарауына өтініш қабылдау басталды

0
597

Арнаулы комиссияның қарауына ресми сайтында орналастырылған құжаттарды ұсынады.


ТҮРКІСТАН: Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін комиссия қарауына өтініш қабылдау басталды

Түркістан облысында әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін комиссия қарауына өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өзін тізілімге енгізу мақсатында Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасына арнаулы комиссияның қарауына www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kasipkerlik... ресми сайтында орналастырылған құжаттарды ұсынады.


Өтініш пен құжаттарды дара кәсіпкер немесе заңды тұлға қағаз түрінде немесе электрондық жеткізгіштерді пайдалана отырып және (немесе) 2-қосымшаға сәйкес бекітілген (www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kasipkerlik... көрсетілген), басшы не оны алмастыратын адам қол қоятын және дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның мөрімен (бар болса) бекемделетін нысан бойынша хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша жеке өзі, пошта, электрондық пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы береді. Өтініште және құжаттарда қамтылатын мәліметтер олар берілген күнгі жағдай бойынша жарамды болуға тиіс.


Өтінім берілетін орын: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Әкімшілік-іскерлік орталығы, «Басқармалар үйі» ғимараты, 4-қабат, кабинет №420


Электрондық пошта мекенжайы: dkbuko@mail.ru;


Байланыс телефоны: 8 (725-33) 5-97-78;

Құжаттарды ұсыну мерзімі: 2022 жылғы «1» сәуірден бастап 2022 жылғы «11» сәуір жұмыс күндері сағат 10-нан 17-ге дейін (жергілікті уақыт);


Осы хабарландырумен және құжаттамамен www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kasipkerlik... сайтында танысуға болады.