ТҮРКІСТАН: Әлеуметтік және денсаулық сақтау салаларында жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр

0
130

Маңызды орталықтың ресми ашылуы қазан айының соңында өтеді деп жоспарланып отыр.


ТҮРКІСТАН: Әлеуметтік және денсаулық сақтау салаларында жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр

Түркістан облысында әлеуметтік және денсаулық сақтау салаларында жүйелі жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Түркістан облысына жұмыс сапарында Түркістандағы әлеуметтік нысандарды аралады. Халықты әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамтуға бағытталған жобалармен және жоспарлармен танысты. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірдегі бастамалар туралы баяндап, жұмыс орындарын ашуға басымдық беріліп отырғанын жеткізді.


Ермек Көшербаев алдымен Түркістандағы «Қамқорлық» әлеуметтік қызметтер көрсету (аутизм) орталығында болды. Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Қамқорлық» менталды бұзушылықтары мен мүгедектігі бар балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында ем алушыларға қолайлы жағдай жасалған. Тиісті мамандармен, жабдықтармен қамтылған. Орталық 3 пен 18 жас аралығындағы 125 балаға арналған. Бүгінде «Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан материалдық-техникалық базасын нығайтуға бөлінген 390 млн. теңгенің 65%-на (227,0 млн.тг) құрал-жабдықтары жеткізілді және мамандар біліктілігін арттыру курстарынан өткізілді. Маңызды орталықтың ресми ашылуы қазан айының соңында өтеді деп жоспарланып отыр.


Премьер-министрдің орынбасарына облыстық «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің жұмысы да таныстырылды. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев әлеуметтік сала бойынша қолға атқарылған істерге тоқталды. 2025 жылға арналған «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында облыста 130 мыңнан аса жұмыс орнын құру көзделген. Бұл республика бойынша құрылатын жұмыс орындарының 14,5%-ын құрап, ең жоғары көрсеткіш болып қалыптасты (ҚР – 903198 жұмыс орны). Жыл басынан бергі 8 айда 100 807 азамат жұмыспен қамтылған. Оның ішінде: тұрақты жұмысқа 59925 азамат, уақытша жұмысқа 40882 азамат орналасқан. Ұлттық жобаларға – 3 156 азамат, «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орны» бастамасы бойынша 27 617 азамат, тұрақты жұмысқа 29425 азамат жолданса, субсидияланатын жұмыс орындарында 39 720 азамат жұмыспен қамтылған. 1788 тұрғынға мемлекет тарапынан қайтарымсыз грант берілген.


Ермек Көшербаев Түркістанда құрылысы жүріп жатқан 570 орындық көпбейінді аурухананың құрылысын да қадағалады. Денсаулық сақтау саласындағы жұмыстарды жүйелі түрде атқаруды тапсырды.

Бөлісу