ТҮРКІСТАН: Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 1 млн. теңгеге дейін гранттар беріледі

0
527

1 млн. теңгеге дейін гранттар беріледі.


ТҮРКІСТАН: Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 1 млн. теңгеге дейін гранттар беріледі

Түркістан облысында «Zhas Project» гранттық жобасын түсіндіру жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і басшысы Ерасыл Әшірбайұлы және «Zhas Project» Түркістан облыстық жобалық кеңсесінің консультанттары Нұрғазы Оразәліұлы, Ерасыл Көшербаев аудан, қала жастарымен кездесу өткізуде. Кездесу барысында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға 1 млн. теңгеге дейін гранттар берілетіні, оны алу жолы түсіндіріліп жатыр.


Атап өтейік, жобаға әлеуметтік жобалары бар NEET санатындағы Түркістан облысының 18-29 жас аралығындағы жұмыссыз ретінде тіркелген жастары, аз қамтылған және көпбалалы отбасындағы ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар мен мүгедектігі бар жастар қатыса алады.


Өтінімдер www.zhasproject-turkestan.kz сайтында қабылданады және биылғы 10 тамызға дейін жалғасады.