ТҮРКІСТАН: Алматы қаласына ауыл шарушылығы өнімдері жөнелтілді

0
124

Республикада ауыл шаруашылығының өнімінің 14%-ы облысқа тиесілі.


ТҮРКІСТАН: Алматы қаласына ауыл шарушылығы өнімдері жөнелтілді

Түркістан облысының ауыл шарушылығы өнімдері Алматы қаласына жөнелтілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өнімдері Алматы қаласына жөнелтілді. Жәрмеңкеге 500 тоннадан астам ет, көкөніс, бақша, жеміс-жидек, балық және жергілікті қайта өңдеу өнімдері жеткізіліп, нарық бағасынан 15-20 пайызға төменгі бағада тұтынушыларға ұсынылады. Республикада ауыл шаруашылығының өнімінің 14%-ы облысқа тиесілі. Биыл қаңтар-тамыз айларына 487,7 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,1 %-ды құрады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 97,6 млрд теңге инвестиция тартылып, тиісті кезеңмен салыстырғанда 1,4 есе артқан. Одан бөлек, тамақ өндірісінің негізгі капиталына 23,3 млрд теңге инвестиция тартылып, 1,5 есеге артқан.


Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылдан 34,3 мың гектарға ұлғайып, 906,8 мың гектарға егілді. Осы ретте, облыстың табиғи климаттық ерекшелігіне орай, ерте пісетін бақша, көкөніс, картоп өнімдерін жинау қарқынды түрде жүргізілуде. Биыл 3,3 млн тонна көкөніс, бақша, картоп өнімдерін жинау күтіліп отыр. Бүгінгі күнге 2,6 млн тонна жиналып үлгерген.


Еске сала кетейік, Алматы қаласында 27-28 қыркүйек күндері оңтүстік өңірден тарту ретінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрменкесі өткізіледі.

Бөлісу