ТҮРКІСТАН: «AMANAT» партиясына 17 мыңға жуық арыз-шағым түскен

0
1 079

53%-ы оң шешіліп, 47%-ына заң аясында кеңес берілген.


ТҮРКІСТАН: «AMANAT» партиясына 17 мыңға жуық арыз-шағым түскен

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезекті XLIX есеп беру – сайлау конференциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Конференцияның жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық партия филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, облыстық және қалалық саяси кеңес мүшелері, партия ардагерлері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері, «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері қатысты.


Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды:

1. Партияның облыстық филиалы Саяси кеңесінің 2021-2022 жылдарға атқарылған жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері;

2. Облыстық сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша жол картасының орындалу барысы;

3. Бақылау-тексеру комиссиясының 2021-2022 жылдарға атқарылған жұмыстары және алдағы кезеңдегі міндеттері;

4. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Саяси кеңесінің жаңа құрамын сайлау;

5. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Бақылау-тексеру комиссиясын сайлау.

Өз кезегінде облыстық филиал төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев облыстық филиалдың 2022 жылы атқарған жұмысы туралы есеп берді.


"Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне, 2021 жылы 22 мыңнан астам арыз-шағым келіп түссе, олардың 70%-ы оң шешіліп, 30%-ына заң аясында кеңес берілген.
Ал, 2022 жылы партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 17 мыңға жуық арыз-шағым келіп түссе, 53%-ы оң шешіліп, 47%-ына заң аясында кеңес берілген",- деді А.Үмбетәлиев.


Фракция жетекшісі Елнұр Сабыржанұлы 2023 жылға арналған партияның рөлін күшейту және халықтың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын жақсарту бойынша міндеттерге тоқталды. Сондай-ақ, аманаттықтарға өңірдегі партиялық жобаларды іске асыру жұмысын күшейту қажеттігін атап өтті.


Түркістан облыстық партия филиалы Республика көлемінде партия мүшелері санынан бірінші орындағы ең ірі филиал болып саналады. Бүгінгі таңда 80 мыңнан астам мүшелерін біріктіретін, 242 бастауыш партия ұйымы бар. «Жастар рухы» жастар қанатының 7 мыңнан астам мүшелерін біріктіретін, 17 филиал жұмыс істейді.