ТҮРКІСТАН: Аманаттықтар азаматтарды жұмыспен қамтуға атсалысып жатыр

0
1 743

Жұмыссыздық деңгейі 2022 жылғы І тоқсанында 5,2 пайызды құрады.


ТҮРКІСТАН: Аманаттықтар азаматтарды жұмыспен қамтуға атсалысып жатыр

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жұмысқа орналасу мәселесі бойынша азаматтардан жиі өтініш келіп түседі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында жұмыссыздық деңгейі 2022 жылғы І тоқсанында 5,2 пайызды құрады. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне жұмысқа орналасу, заңсыз жұмыстан босату, еңбекақы өндіру мәселелері бойынша азаматтардан жиі өтініш келіп түседі. Мәселен, жыл басында 5500-ден астам өтініш тіркелген болса, оның 500-ден астамы аталған проблемаға қатысты. Маусым айы басталғалы партияның араласуымен бірнеше азамат жұмыспен қамтылды.


Атап өтсек, Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаты Сүндет Кенжебаев аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде жергілікті тұрғындарға жеке қоғамдық қабылдау өткізді. Бірлік ауылдық округінің тұрғыны Р.Әбілханов бос жұмыс орындары болса еңбекке қабілетті екенін жеткізді. Нәтижесінде мемлекеттік бағдарламалар аясында аудандық Жастар ресурстық орталығына жұмысқа орналастырылып, мәселе шешімін тапты.


Сонымен қатар, Сайрам аудандық мәслихат депутаттары А.Ұзақова, А.Искаков және А.Тайжанов партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды арыз-өтініштері бойынша қабылдады. Қарамұрт ауылының тұрғыны Н.Иристаева ІІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жан. Қабылдауға келудегі себебі жұмыссыздық мәселесі. Осы ауыл тұрғыны З.Байзакова да жұмыспен қамтуға көмек сұрай келді. Депутаттар аудандық жұмыспен қамту орталығы және жеке кәсіпкерлермен байланысып, нәтижесінде өтініштер оң шешілді. Н.Иристаева «ҚарамұртГаз» ЖШС мекемесіне, ал З.Байзакова «Балдәурен» балабақшасына жұмысқа орналасуға жолданды.


Одан бөлек, Ордабасы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде де жұмыссыздық мәселесі оңтайлы шешілді. Аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі А.Жөргенбайдың қабылдауында болған А.Сұлтанова «аспаз» мамандығына сәйкес жұмысқа орналастыруды сұрады. Өтініш иесінің мәселесі қанағаттандырылып, Темірлан ауылындағы мейрамханалардың біріне тұрақты жұмыспен қамтылды.