ТҮРКІСТАН: Апатты мектептер мәселесі 100 % шешілді

0
3 343

2020 жылы 7 білім беру нысандарының құрылыстары жүргізілді.


ТҮРКІСТАН: Апатты мектептер мәселесі 100 % шешілді

Түркістан облысы Сайрам ауданындағы апатты мектептер мәселесі шешілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы, Сайрам ауданында апатты мектептердің мәселесі 100% шешімін тапты. 2020 жылы ауданда 1,7 млрд. теңгеге 7 білім беру нысандарының құрылыстары жүргізілді.

Оның ішінде 1200 орындық 2 жаңа мектеп, 300 орындық 3 мектептің қосымша ғимараты пайдалануға тапсырылды. Тағы 2 нысан 2021 жылға өтпелі. Сондай-ақ, Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылында №92 жалпы орта мектебіне 600 орындық жаңа ғимарат пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, Қарабұлақ ауылында 3 тілде оқытатын 1200 орындық «Низамхан Сулайманов» атындағы жекеменшік мектеп ашылды. Жалпы, былтырғы жылы бюджеттен Қарабұлақ ауыл округіне барлығы 257,5 млн. теңге қаржы бөлініп, мақсатты игерілді.

2021 жылға 244,1 млн теңге қаржы қаралып, тиісті жобалар мен жұмыстарды іске асыру көзделіп отыр. Яғни, Қарабұлақ ауылындағы 2 мектепке 17,1 млн. теңгеге қосымша оқу корпустарының құрылысының жобалық сметалық құжаттары әзірленеді. 62,5 млн теңгеге 2 көше орташа жөндеуден өтеді.