Базардағы бағадан 10-15% төмен бағада саудалануда.
Түркістанда әр демалыс күндері ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрменкесі өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласында орналасқан «Эко базар» аумағында әр аптаның жұма-сенбі күндері Түркістан облысының ауыл шарушылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде.
Бүгін, 11-қараша күні «Эко базары» аумағына 68 тонна көлемінде облыстағы 4 ауданнан (Созақ, Кентау, Қазығұрт, Сауран аудандарынан) ауыл шаруашылық өнімдері әкелініп, базардағы бағадан 10-15% төмен бағада саудалануда. Сонымен қатар жәрмеңкеде Түркістан облыстық тұрақтандыру қоры тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларынан 10 тонна көлемінде күнбағыс майы, сәбіз, құмшекер, тұз, макарон өнімдері тұрғындарға төмендетілген бағамен ұсынылып жатыр.