ТҮРКІСТАН: Әр тұрғынның мәселесі – басты назарда

0
52

Қабылдауға келген тұрғындар жұмыспен қамту, білім мен денсаулық саласындағы мәселелерді көтерді.


ТҮРКІСТАН: Әр тұрғынның мәселесі – басты назарда

Түркістан облысы әкімінің орынбасары азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдады. Қоғамдық қабылдауға партияның Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев қатысты.


Қабылдауға келген тұрғындар жұмыспен қамту, білім мен денсаулық саласындағы мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа орналасу, білім саласындағы заңсыздықтар мен әділетсіздіктер, тұрғын-үй кезегі жылжуының баяулығы, инватаксиге ақша бөлінбеу бойынша шағым түсірсе, сонымен қатар әлеуметтік көмекке мұқтаж жандар да өз өтініштерін білдірді.


Облыс әкімінің орынбасары әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, заң аясында түсініктеме берді. Ол айтылған өтініштердің ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын, әр мәселе бойынша тиісті басқармалар мен бөлімдерге нақты тапсырмалар берілетінін, бақылауға алынатынын атап өтті.


Өз кезегінде партияның Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев бүгінгі қабылдауда көтерілген мәселелер қоғамдағы өзекті түйткілдердің айқын көрінісі екенін айтып, барлық шағымдар мен ұсыныстар тиісті органдарға жолданып, азаматтардың өтініші жауапсыз қалмайтынын жеткізді.

Бөлісу