ТҮРКІСТАН: Архив саласының өкілдеріне құрмет көрсетілді

0
77

Түркістан облыстық мәслихатының грамотасы мен басқарманың алғысхаттары табысталды.


ТҮРКІСТАН: Архив саласының өкілдеріне құрмет көрсетілді

Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының мәжіліс залында мерекелік іс-шара өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


22 желтоқсан – Архившілер күніне орай, Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының мәжіліс залында мерекелік іс-шара өткізілді. Оған архив саласында ұзақ жылдардан бері жемісті еңбек етіп келе жатқан қызметкерлер мен сала ардагері, архив басшылары және ведомстволық архивтердің мамандары шақырылды. Іс-шара барысында Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев және Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мұса Уатбаев архив саласының мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, алдағы істеріне сәттіліктер тіледі.


Еребұлан Дауылбаев архив саласы қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Еңбек ардагері» медалін, «Архив саласының үздігі» ведомстволық төсбелгісін, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасы мен алғысхаттарын, Түркістан облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі мен алғысхаттарын тапсырды.


Сонымен бірге архив саласының үздіктеріне Түркістан облыстық мәслихатының грамотасы мен басқарманың алғысхаттары табысталды.

Бөлісу