ТҮРКІСТАН: Арнайы топ Жетісайдың жай-күйімен танысты

0
531

2020-2021 жылдары 1575 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған.


ТҮРКІСТАН: Арнайы топ Жетісайдың жай-күйімен танысты

Түркістан облысының арнайы ақпараттық тобы Жетісай ауданына келіп , ауданның әлеуметтік -экономикалық жағдайымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ең алдымен тілшілер тобы Шаблан Ділдәбеков ауылдық округіне қарасты Жаңа Дала ауылындағы бақша дақылдарын егумен айналысатын "Рахман" шаруа қожалығына табан тіреді. Қожалықтың төрағасы Руслан Құдайқұловтың иелігінде 7,5 гектар жер болса, оның 1,5 гектарына қырыққабат, 3 гектарға болгар бұрышы және қалған жеріне қарбыз егіп, тұрмысын түзеп отыр. Қаламы қарымды журналистер қожалық төрағасымен сұхбаттасып диханшылығы жайында толық мәліметті алды.


Жалпы, бүгінгі таңда Жетісай ауданында ерте пісетін қарбыздардың артылуы жүріп жатыр. Өздеріңізге белгілі алғашқы жиналған 22 тоннаөнім Ресей федерациясына жіберілген болатын. Бүгінгі таңда аудан дихандары ерте пісетін 1700тонна қарбыз, және170 тоннаға жуыққауын жинапүлгерген. Шаруалардың вегетациялық суғару жұмыстарын жүргізуге ағын су жеткілікті мөлшерде беріліп жатыр.


Мұнан соң журналистер қауымы аудан орталығы Жетісай қаласында орналасқан «Ұлықбек» аяқ киім тігу цехында болды. Мұнда жеке кәсіпкер Ұлықбек Әбдірахманов 15 адамды тұрақты түрде жұмыспен қамтып отыр. Аталмыш цехта аяқ киімдер маусымдық болып шығарылады. Шикізаттар көршілес Өзбекстан мен Ресей Федерациясынан әкелінеді. Мұнда аяқ-киімнің 6 түрі өндіріледі. Кәсіпорында бір күнде 2 мың жұп аяқ киім шығады. Шығарылған өнімдер Республика көлемінде саудаланып жатыр.


Бұдан кейін, қаламы қарымды тілшілердің сапары – Жаңа ауыл ауылдық округі Ынтымақ елді мекенінде орналасқан "Қыдыр ата"медициналық орталығнда жалғасты. Құны 120миллион теңге тұратын жоба күніне 100 ге жуық науқастарды қабылдап оларға 10 түрлі медициналық көмек көртсете алады. Алдағы уіақытта бұл жерден ересектер мен балаларға арналған жатып ем алу бөлімі ашылатын болады. Қазіргі таңда аталмыш медициналық орталық 22 адамды тұрақты түрде жұмыспен қамтып отыр. Жалпы Жетісай ауданы бойынша "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы арқылы 2020-2021 жылдары 1575 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл өз кезегінде облыс бойыннша ең үздік көрсеткіш.


Сонымен қатар, Жетісай қаласын ұлғайту мақсатында салынып жатқан 80 гектар аумақта орналасқан тұрғын-үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазір бұл жерде 5 қабатты 60 пәтерлі 2үй, және 2 қабатты 80 пәтерлі 4 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Аталмыш жұмыстар толық аяқталған кезде 200 баспана тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға кезекпен берілнетін болады. Бұдан бөлек Жетісай ауданында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, тұрмысы төмен көп балалы аналарға 88 баспананың кілті табыс етілген.