Ресей Камчаткасында 4,8 балдық жер сілкінісі тіркелді

0
113

Эпицентрі Петропавл-Камчатский қаласынан 81 шақырым қашықтықта орналасқан.


Ресей Камчаткасында 4,8 балдық жер сілкінісі тіркелді

Фото: Анадолы

ERNUR.KZ. Ресейдің Камчаткасында ғалымдар магнитудасы 4,8 болатын жер сілкінісін тіркеді. Петропавл-Камчатский қаласының тұрғындары әлсіз жерасты дүмпуін сезген, деп жазады inform.kz.

Мекеме өкілдерінің айтуынша, жер сілкінісінің магнитудасы 4,8 болған, ал эпицентрі Петропавл-Камчатский қаласынан 81 шақырым қашықтықта орналасқан.

Тұрғындар әлсіз жерасты дүмпуін сезген. Ал оның күші нақтыланып жатыр.