Кіші архитектуралық пішіндер, жарықшамдар, орындықтар, қоршау және қоқыс жәшіктері болады.
Арыс-Түркістан каналында орналасқан көпірді қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласында Кентау-Түркістан бағытындағы Батыс Еуропа-Батыс Қытай автожолы аралығындағы Арыс-Түркістан каналында орналасқан көпірді қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
Аталған аумақта жаяу жүргіншілер жолының да адамдар үшін ыңғайлы, жарық болуы қарастырылған. Атап айтсақ, автокөлік жолынан бөлек 2 метрден жүргіншілер және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін пандус қою қарастырылып отыр. Одан бөлек, кіші архитектуралық пішіндер, жарықшамдар, орындықтар, қоршау және қоқыс жәшіктері болады.
Жалпы, ескі көпірді жаңа заманауи әрі тарихи келбетке келтіру жұмыстары 5 ақпанда басталған болатын. 20 ақпанда аяқталуы жоспарланып отыр. Мұнда 52 жұмысшы мен 10-ға тарта техника жұмылдырылды.