ТҮРКІСТАН: ​АРЫСТА АРМРЕСТЛИНГТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

0
59


ТҮРКІСТАН: ​АРЫСТА АРМРЕСТЛИНГТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

ERNUR.KZ. Армрестлингтен әлем чемпионы Нұрсұлтан Сапаров Арыс қаласындағы №4 сайлау учаскесіне келіп, азаматтық таңдауын жасады.

Спортшы ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси үдерістен тыс қалмай, өзіне тиесілі дауысын берді. Оның айтуынша, сайлауға қатысу – әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін танытатын маңызды қадам.

«Спортта жеңіске жету үшін адам алдына нақты мақсат қойып, сол мақсатқа табандылықпен жетуге ұмтылады. Елдің дамуы да әр азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігіне байланысты деп ойлаймын. Сондықтан бүгін сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымды жасау мен үшін азаматтық парыз әрі маңызды жауапкершілік. Қай салада болмасын, нәтиже болу үшін еңбек, тәртіп және дұрыс таңдау қажет. Спортшы ретінде мен мұны жақсы түсінемін. Жарыс кезінде әрбір шешімнің маңызы зор болса, ел өмірінде де әр азаматтың таңдауы маңызды деп есептеймін. Құрылтай сайлауы – қоғамның белсенділігін арттырып, азаматтардың елдің болашағына қатысты өз ұстанымын білдіруіне мүмкіндік беретін маңызды үдеріс. Мұндай сайлаулар арқылы халықтың пікірі ескеріліп, ел дамуына қажетті бастамаларға жол ашылады деп сенемін», – деді Нұрсұлтан Сапаров.

Айта кетейік, Арыс қаласында 34 сайлау учаскесі бар. Қала бойынша 43 291 сайлаушы дауыс беру құқығына ие.