ТҮРКІСТАН: Арыста бокс және фитнес залы ашылды

0
1 591

Заманауи талапқа сай жабдықталған.


ТҮРКІСТАН: Арыста бокс және фитнес залы ашылды

Арыста су жаңа «Barker» бокс және фитнесс клубы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қала әкімі Гүлжан Құрманбекова жаңа спорт нысанының ашылуына келген зиялы қауым және қала тұрғындарымен бірге заманауи талапқа сай жабдықталған жаңа ғимаратты аралап көрді.


Шаһар басшысы жаңа спорт кешенінің ашылуымен құттықтау сөз сөйлеп, алдағы уақытта Арыс қаласынан әлем және олимпиада чемпиондары шығатынына кәміл сенім білдірді.


Салтанатты шарада Арыстың қонақжай азаматтары бокстан қаламыздың ардагер жаттықтырушысы, білікті маман, КСРО чемпионатының жастар арасында чемпионы Жантөре Досыбаев пен бокстан қазақ елінің намысын қорғап, әлем чемпионы атанған Махмұд Сабырханға ат мінгізіп, шапан жапты.


Өз кезегінде спортшылар Арыс халқының қонақжайлылығына өз алғыстарын білдіріп, ізгі тілектерін жолдады.


Айта кетейік, И.Ақынбеков көшесінде ашылған сәулеті келіскен спорт мектебінің бірінші қабатында бокс рингі пен дәрігерлік бөлме, киім ауыстыру бөлмелері мен жаттықтырушылар кабинеті орналасқан. Ал екінші қабатында боксқа белсенді айналысуға қажетті қосымша жабдықтар, Алматы қаласынан арнайы тапсырыспен тіктірілген өте сапалы бокс тұлыптары, және фитнес залы бар. Мұнда бір мезетте 100 бала жаттыға алады. Оларды арнайы білімі бар білікті бапкерлер баптайтын болады.