Нысан Арыс қаласының 65 жылдығы қарсаңында салынып жатыр.
Арыс қаласында жаңа мешіттің құрылысы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған мешітті салу үшін жергілікті кәсіпкер жеке иелігіндегі жер телімін сыйға тартып, сауапты іске қолдау көрсеткен. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Арыс қаласының 65 жылдығы қарсаңында құрылысы басталған мешіт қаланың бас қақпасы саналатын «Дендросаябақтың» алдынан бой көтереді.
«Бұл мешіт имандылықтың темірқазығына айналып, халқымыздың рухани құндылығын нығайтуға қызмет етеді деп сенемін», – деді мешіттің алғашқы кірпішін қалау рәсіміне қатысқан Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова
Мешіт дәртүрлі ислам үлгісінде, заман талабына сай салынатын қос мұнаралы мешітте бір мезетте 1 500 адам құлшылық ете алады. Одан бөлек, мешіт ауласында 50 автокөлікке арналған автотұрақ болады.