ТҮРКІСТАН: Арыстық «Нұр шашу» би тобы жеңіспен оралды

0
954

Түркия еліне жолдама алды.


ТҮРКІСТАН: Арыстық «Нұр шашу» би тобы жеңіспен оралды

Түркістандық өнерпаздар ел жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Арыс қаласы Монтайтас ауылының жас өнерпаздарынан құралған «Нұр шашу» би тобы республикалық жарыста алғашқы орыннан көрініп, 2021 жылы Түркия елінде болатын сайысқа жолдаманы жеңіп алды.

«Нұр Шашу» би тобы бұған дейінде республика көлемінде ғана емес шет мемлекеттерде де алғашқы орындарда көрініп жүрген топ. Алматы қаласында өткен «Менде жұлдыз боламын» сайысында өрнек биімен өнер көрсеткен топ келген көрермендермен қатар қазылар алқасының да қошеметіне ие болған. Айта кетейік, Монтайтас ауылдық округінде өнерпаздар қабілеттерін ары қарай шыңдауға үлес қосып, арнайы жаттығу залын ашып берген мәдениет жанашыры Маханбет Шалқарұлы.

Аталмыш сайысқа еліміздің 17 облысынан 50-ден аса қатысушы жиналған. Сайыстың мақсаты - қазақ би өнерін дәріптеу және келешек ұрпаққа ұлтымыздың ұлық өнерлерін асыл мұра етіп қалдыру.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Ресей мен Болгария мемлекеттерінде 1-орын иемденгенен "Нұр Шашу" би тобы ендігі кезекте Түркия елінде сайысқа түсетін болады.