Ынтымағы жарасқан көршілер осылайша үй айналасын әсемдеп, керемет көңіл күй сыйлауда.
Арыстық тұрғындар аулалары мен көшелерін өздері көгалдандырып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Арыс қаласы, А.Байтұрсынов көшесінің тұрғындары бірлесіп, өздерінің үйлерінің іргесіндегі аулаларына ағаш көшетін отырғызып, гүл егуді қолға алған. Ынтымағы жарасқан көршілер осылайша үй айналасын әсемдеп, керемет көңіл күй сыйлауда.
Игі бастамаға аталған көшенің тұрғыны, белгілі кәсіпкер Азамат Байбосынов мұрындық болды. Ол өз қаржысына бойы 2 метрден асатын 120 түп қара тал, 1150 дана бұталы ағаш (жилой изгородь), 200 түп роза көшеттерін сатып алған. Бүгінгі таңда көше тұрғындары ұйымдасып, көшеттерді отырғызуда.
Әр тұрғын өз үйі іргесіндегі тал-дарақтарды тұрақты түрде күтіп-баптамақ.
«Ауылына қарап, азаматын таны» демекші, А.Байтұрсынов көшесі тұрғындарының бастамасы көпке үлгі екені сөзсіз.