Ауданда 6 мектептің құрылысы жүріп жатыр.
Биыл Мақтаарал ауданында 6 миллиард теңгеге 9 әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр. Күні кеше аудан әкімі Бақыт Асанов құрылыс нысандарын аралап, сапасын бақылап қайтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ауданда 6 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде 300 орындық 2 мектеп, 200 орындық 4 мектеп бар. Атап айтқанда, Иіржар ауылдық округі Алаш ауылындағы 300 орындық Жас алаш мектебінің құрылысы, А.Қалыбеков ауылдық округі Абат ауылындағы Ж.Нұрлыбаев атындағы 300 орындық мектеп құрылысы, Бірлік ауылдық округі Еркінабад ауылындағы 200 орындық №113 мектеп құрылысы, Иіржар ауылдық округі Азамат ауылындағы 200 орындық Х.Алимжан атындағы мектеп құрылысы, Жаңа жол ауылдық округі Нұрлыжол ауылындағы 200 орындық Нұрлыжол мектебінің құрылысы, Бірлік ауылдық округі Өркениет ауылындағы 200 орындық мектеп құрылыстары қарқынды жүргізілуде.
Бұдан бөлек, Мырзакент кентіндегі Мадиходжаев көшесінің бойынан әкімшілік ғимаратының құрылысы, Мырзакент кенті аумағынан спорт сарайының құрылысы, Мырзакент кенті аумағынан №2 әкімшілік ғимарат құрылысы, Еңбекші ауылдық округі Т.Жайлыбаев ауылынан мәдениет үйі мен кітапхананың құрылысы, Жамбыл ауылдық округі Жалын ауылынан мәдениет үйі мен кітапхананың құрылысы салынуда. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталғаннан соң Мырзакент кентінде орталық саябақтың құрылысы да басталатын болады.
Құрылыс нысандарын аралау барысында аудан басшысы тиісті сала басшыларына талап қойып, орын алған кемшіліктерді түзетуді тапсырды.
Сондай-ақ, белгіленген графикке сәйкес құрылыс нысандарын ел игілігіне тапсыру керектігін айтты.
Айта кетейік, биыл Достық ауылдық округі Ж.Қалшораев ауылына, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі Ынталы ауылына 200 орындық мәдениет үйлерінің және Мырзакент кентінің кәріз жүйесінің жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленетін болады.