Түркістан ауданындағы жиналыстар онлаин режимінде өтеді

0
1 386

Бұрынғы Мақтарал ауданы әкімдігіндегі 157 қызметкердің 89-ы Жетісай, 68-і Мақтарал ауданына қызметке орналасады


Түркістан ауданындағы жиналыстар онлаин режимінде өтеді

Енді Жетісай ауданы әкімдігінің жиналыстары онлайн режимінде өткізіледі, ол үшін барлық ауыл округ әкімдіктеріне қажетті қондырғылар орнатылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Жетісай ауданы әкімдгінің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Бұл өз кезегінде тапсырманы жылдам әрі уақытылы орындауға, аудан орталығына қатынауға кететін уақыт пен шығындарды үнемдеуге әсеретеді. Бұл жөнінде аппарат жиналысында Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев мәлімдеді.
Сонымен қатар аудан әкімі Мақтарал және Жетісай аудандарының бөлінуіне байланысты бұрынғы Мақтарал ауданы әкімдігінің 157 қызметкерін бірінші кезекте жұмыспен қамту қажеттігіне де тоқталып, алдағы күндері әкім орынбасарлары мен салалық бөлімдердің басшылары тағайындалатынын жеткізді. Аталған 157 қызметкердің 89-ы Жетісай, 68-і Мақтаарал ауданына қызметке орналасады.

Жетісай ауданына кіреберістен бастап, Шаблан Ділдәбеков ауыл округі, Асықата кенті, Қазыбек би ауыл окурігінен өтетін жол бойы Жетісай қаласына дейінгі аралықта күз айларында ағаш егу жұмыстары жанданатын болады. Сондай-ақ, мұндай жұмыстар Шардара бағытындағы жол бойында да жүргізіледі. Осы мақсатта Жетісай ауданында көгалдандыру жұмыстарымен айналысатын арнайы мекеме құруымыз құрылады.
Жетісай ауданындағы 3 саябақты ретке келтіру - Жетісай қаласындағы, Асықата кентіндегі және Ералиев ауыл окурігіндегі саябақтарды қайта қалпына келтіру, жарықтандыру, абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін әр сенбі сайын тазалық шаралары ұйымдастырылып, қажетті техникалар бөлінеді.